Алматыда еріктілер 27 тамыз күні кешке Алмалы ауданындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған 16 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпарат еріктілердің Lider.kz қозғалысы Instagram парақшасында жарияланды.
Сипаттамасы: бойы – 180 сантиметр, арық денелі, шашы қара, қысқа қырқылған, көзі қоңыр. Үстінде қара футболка, көк спорттық шалбар және қара кроссовки болған.

Қозғалыс өкілдері жасөспірім жайлы қандай да бір дерегі бар қазақстандықтарды іздестіру қағазында көрсетілген телефондарға немесе "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.
Еске салсақ, Алматыда 28 шілдеде 16 жастағы Айдос Акимбаев жоғалды. Жасөспірім 25 күннен кейін аман-есен табылды. Полицияның мәліметінше, Айдос қылмыстық істің фигуранты және және бұрын ұсталған
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Бақдаулет