Үйден өрт шыққан кезде не істеу керек?

Төтенше жағдайлар министрлігі үйден өрт шыққан кезде не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үйде өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі:

  • Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;
  • Өрттің дамуының бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т.б.) пайдаланып сөндіруге тырысыңыз;
  • Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабыңыз;
  • Үйден шығыңыз, осы жағдайда ең қауіпсіз жолмен жүріңіз;
  • Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз: ол жерде әрқашан таза ауа болады.
  • Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;
  • Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!