- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үйден мектепке қарай...
"Үйден мектепке қарай шыққан". Семейде жасөспірім жоғалып кетті
Фото:
polisia.kz
Абай облысы полиция департаменті Семей тұрғындарына 2009 жылы туған кәмелетке толмаған Рахымғалиев Ақсұлтан Нұрланұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz мәліметіне қарағанда, ол 2023 жылғы 17 қаңтарда сағат 07:40 шамасында үйден мектепке қарай шыққан, бірақ қазірге дейін үйіне оралмаған.
Бойы 140 сантиметр, арықша келген, шашы қара.
Үстіне капюшоны бар қара көк күрте, көк түсті шалбар (мектептікі), қара түсті етік, көк түсті бас киім киген.
Полиция қызметкерлері фотосуреттегі жасөспірімнің орналасқан жерін білетіндерге 102 нөміріне хабарлауды өтінді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан