Үйде тышқандардың пайда болуы одан қорқатын немесе жиіркеншек адамдар үшін сынақ қана емес, сондай-ақ отбасы мүшелерінің денсаулығына қауіпті. Тышқандардан қалай арылуға болады? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Үйде тышқандардың болуы бірқатар жағымсыздықтарға әкеледі:
Үйде тышқандардың пайда болу қаупін арттыратын бірнеше фактор бар:
Үйде тышқанның пайда болғанын анықтау қиын емес.
Тышқан қоқысы. Пәтердің бұрыштарына, әсіресе ас үй шкафтары немесе қоймалар сияқты айқын емес жерлерге назар аударыңыз. Тышқан саңылаулары әдетте өлшемі бір сантиметрден аз, күріш тәрізді, ұсақ түйіршіктер түрінде көрінеді.
Заттардың бүлінуі. Сымдар, киімдер, жиһаздар тістелінген, тесік болады. Үйдің қабырғалары да мүжілген болуы мүмкін. Жармалар және басқа да азық-түлік сақталған қаптар бүлінеді.
Жағымсыз иістің болуы. Әдетте тышқан бар үйде жағымсыз, айрықша иіс болады. Егер үйіңізге келген адам қандай да бір иіс шығып тұрғанын айтса, ол тышқандардың себебінен болуы мүмкін.
Түнде сықырлайтын, бірдеңені тырнап жатқан дауыстар естіледі. Тышқандар әсіресе түнде белсенді. Сондықтан сіздер ұйқыға жатып, үй тынышталған кезде тышқандардың дауысын естуіңіз мүмкін. Мұндай дыбыстар әсіресе ас бөлмеден, шкафтардың артынан, шатырдан немесе жертөледен естіледі.
Үйіңізде тышқандар бар екенін білген бойда көбейіп кетпес үшін бірден олармен күресуді бастау керек.
Тышқандар үйге кіріп кетпес үшін барлық өткел мен тесікті бітеу керек. Іргетастағы, едендегі жырықтар, сондай-ақ қабырғалардағы тесіктерді бітеңіз. Сондай-ақ есіктер мен терезелерге арналған тығыздағыштар орнату керек.
Тышқандармен күресудің ең тиімді әдісі - у шашу. Антикоагулянттар деген зат бар, оны әдетті тамақпен араластырып, тышқандарға қарсы қолданады. Алайда улы заттарды қолданған кезде абай болу керек, себебі оны үй жануарлары немесе балалар байқамай жеп қоюы мүмкін.
Егер қақпан алуды шешсеңіз, оның әртүрлісін және бірнешеуін қолданған дұрыс. Мысалы, қақпандар, желімдер және т.б. Себебі кей тышқандар қақпанды айналып өтуді біледі.
Тышқандардан арнайы ультрадыбыстық үркіткіштер көмегімен құтылуға болады. Оны токқа қоссаңыз, ол адам естімейтін ультрадыбыс шығарады.
Тышқандардан арылуға көмектесетін халықтық әдістер де бар. Ол үшін шөптер, эфир майлары және басқа да қолда бар өнімдерді қолданады. Тышқандарды мына майлар мен шөптердің иісі үркітеді: жалбыз, жусан, түймедақ, түймешетен және т.б. Оларды кішкентай қаптарға салып, тышқандар көп жүретін жерлерге, бұрыштарға іліп қойыңыз. Сондай-ақ тышқандар пияз бен лавр жапырағының иісін жақтырмайды. Эфир майларының иісі өткір келеді. Сондықтан мата бөлігін эфир майына малып, киім сақтайтын жерге қоюға болады.
Тышқандардан бор қышқылының да көмегімен арылуға болады. Ол ұнтақ түрінде сатылады. Оны тышқандар болуы мүмкін жерлерге, тесіктерге себіңіз.
Егер өз бетінше тышқандардан түгел арыла алмасаңыз, мамандарды шақыртқан дұрыс. Олар тышқандардан жылдам арылуға көмектеседі. Әдетте олар арнайы улы препараттарды пайдаланады. Бұл әдістің кемшілігі - алдын ала үйді жақсылап тазалап, қабырғаларды ашық (жиһаздарды бөлменің ортасына қарай ысырып қою) қалдыруыңыз керек.
Оқи отырыңыз: Кенеден адамға қандай аурулар жұғуы мүмкін?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!