Үйде тіс кіреукесін нығайту жолдары: дәрігер кеңесі

Үйде тіс кіреукесін нығайту жолдары: дәрігер кеңесі
Фото: elements.envato.com

Адам тамақты шайнаған кезде тістегі кіреуке (эмаль) ауырлықты сезінеді. Стоматолог Егана Маруфиди тістерді қалай нығайтуға болатыны туралы кеңестер берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Тіс кіреукесінің бұзылу себептері

Біз жейтін тағамдардағы белсенді заттар тіс кіреукесіне күніне кемінде үш рет және жылына 365 күн әсер етеді. 

"Кіреуке - тістің қорғаныш қабығы және ол бірінші кезекте зардап шегеді: тамақты шайнау кезінде немесе әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі травматикалық факторларда үйкеледі", - деп түсіндірді медицина ғылымдарының кандидаты, тіс дәрігері Егана Марифуди.

elements.envato.com

Негізгі факторлар

  • Тұқымқуалаушылық, ген кіреукенің тығыздығын анықтаған кезде оның сыртқы факторларға төзімділік дәрежесі, қызыл иектің әртүрлі зақымдануларға қаншалық жауап беретіні көрінеді.
  • Сүйек ұлпасында метаболикалық процестер тәуелді болатын гормоналды ақаулар. Олар жалпы жақтың дамуына, иммунитетке және ауыз қуысында аурулардың пайда болуына әсер етеді.
  • Жүктілік тіс кіреукесінің күйіне әсер етеді, сондықтан бала жоспарламас бұрын тіс дәрігеріне барып, тісті ретке келтірген жөн.
  • Асқазан-ішек жолдары аурулары.
  • Қалқанша безінің аурулары кальцийдің сіңімділігін төмендетеді, бұл тіс кіреукесінің минералданбауына әкеледі.

Жеке факторлар

  • Ауыз қуысының нашар күтімі. Тіс тасының жиналуы.
  • Дұрыс тамақтанбау. Көп мөлшерде тәтті тағамдар, газдалған сусындар рН өзгеруіне, микроорганизмдер белсенді көбеюіне және тіс кіреукесінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
  • Суық пен ыстықтың жиі өзгеруі тіс кіреукесінің сынуына ықпал етеді, осылайша, зиян микроорганизмдер енуі мүмкін.
  • Мамандыққа немесе жаман әдеттерге байланысты зақымданулар (тігіншілердің жіпд тістеуі, т.б.) ақаулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

pixabay

Тісті қалай нығайтуға болады? Дәрігер кеңестері

Тіс кіреукесі - дененің ең қатты ұлпасы, бірақ ол қалпына келе алмайды. Ол көмекке мұқтаж. Мұны үйде де, тіс дәрігерінің көмегімен да жасауға болады.

  • Бала кезіңізден бастаңыз. Шайнау аппаратын жаттықтыру қашан да маңызды. Тістердің бетін жақсылап тазарту, қызыл иекке массаж жасау үшін қатты тағамдарды (көкөністер мен жемістерді) жеу ұсынылады.

 

elements.envato.com

  • Мазасыздансаңыз, немқұрайды қарамау: тіс кіреукесі сарғайып кетсе, қызыл иек қарайып тұрса, тіс дәрігеріне бару керек; тістерді тазалау немесе тамақтану кезінде ауырсыну байқалса, арнайы пасталар көмектеседі; тістер бүліне бастағаны байқалса, тіс дәрігерінің көмегі қажет; тістерде жарықтар, сызаттар пайда болса, қосымша гельдер қолданған жөн.
  • Тиісті дәрі-дәрмектерді дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолданыңыз.

  • Тамақтану мен гигиенаны қадағалаңыз.

"Газдалған сусындардан бас тарту керек, көп мөлшерде тәтті жеп, сағыз шайнамаңыз. Қатты жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек қолданған жөн, суық пен ыстықты тез алмастырмаңыз. Үй гигиенасына назар аударыңыз, тістеріңізді күніне екі рет кем дегенде екі минут тазалаңыз", - дейді маман.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова