Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі ауа райы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Күз келді, күн салқын. Үйде от жағып отырмыз", - деп жазды әнші қалың киініп алған суретін жариялап.
Еске салайық, әнші соңғы кездері әлеуметтік желіде белсенді болмай кетті. Мұның себебін оқырмандары немере бағып отырғанымен байланыстырады.
Халық әртісі, әнші, актриса Жанар Айжанова қызынан немересін қызғанатынын жасырмады.
Бұл туралы өнер иесі Adal Adam Youtube-арнасына берген сұхбатында бөліскен болатын.
"Қазір қызымның баласын бағып жатырмын ғой. Қызым келе жатқанда "ақ мамаң келе жатыр" деп айтамын. Ал үйде немерем ұйқыға кеткенде қызым баланың қасына жатады да, мен аулақ кетемін. Сонда немерем анасының қойнына кіріп, иіскелеп, пысылдап жатады. Қызғанады екенсің. Жаман болып қаламын. Әжелерді түсінемін. Біздің халқымызда немересіне жанын беруге дайын тұратындай мейірім барын мақтанышпен айтуға болады", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!