- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұятың болса, күйеуіңе...
"Ұятың болса, күйеуіңе тоқал алып бер". Әзілкеш Мереке Қалбаева анасының өтінішін айтты
Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева "Ұйқым келмейді" бағдарламасының эфирінде өзінен алты жас кіші күйеуіне тоқал алып беру туралы ойын айтты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, күйеуіне тоқал алып беру туралы видео әзіл ретінде түсірілгенін, кейіннен қызу талқыға түскен.
"Арсенге көлік алып берген кезде тоқал туралы әңгіме болды. Одан кейін тоқал алып беретін болдым. Бізде тоқал деген - өте өзекті мәселе. Оны білдірмей алып жатқандар өте көп. 99 пайыз қыздардың қорқатын тақырыбы сол - тоқал тақырыбы. Алматыға барып өзіме ән жазып жүргенмін. Арсен осы тоқал туралы тақырыпты да шығарды. Негізі хайп, хит жасау мақсатында тоқал алу туралы тақырыпты қозғаған жоқпыз. Ол жай ғана әңгіме ретінде қалды", - деді әзілкеш.
Мерекенің айтуынша, анасы да Арсенге тоқал алып беруге қарсы емес екен.
"Менің анам маған "Егер ұятың болса, Арсенге тоқал алып бер" деген. Менің анам күйеубаласын барлық жақсылыққа лайық деп санайды. Өмірде ешнәрсеге таңғалуға болмайды. Мен барлық нәрсеге дайынмын. Егер Алла соны жазып қоятын болса, көреміз. Егер тоқал әкеліп тұрса да, қайтарып жіберетін шығармыз. Біздің тоқал деп тақырып қозғағанымыз жай әзіл ретінде түсірілген", - деді Мереке Қалбаева.
Ал актер Арсен Акиев тоқал алуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты.
"Мен өзім, жеке өзім тоқал алуға қарсымын. Ондай нәрсеге жол бермеймін. Бір әйел маған жетеді. Соны риза етіп, ол мені риза етіп жүрсек болғаны. Мен тоқал алмаймын", - деді Арсен Акиев.
Айта кетейік, бұған дейін Мереке Қалбаева күйеуі Арсенге су жаңа көлік сыйлап, тоқал алып беретінін туралы айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы