- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұят ештеңе көріп...
"Ұят ештеңе көріп тұрған жоқпын". Абай Бегей баласының тойындағы төсекте "аунаған" видеоға қатысты жауап берді
Әнші Абай Бегейдің жақында ұлы мен келінінің құдалығында әйелімен төсекте "аунаған" видеосы желіде тарап кеткен еді. Өнер иесі осы үшін ұрыс естігенін "Қызықты weekend" бағдарламасында айтып берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
"Төсекке жатқызу дәстүрін бұрын естіп жүрдім. Бұл Шымкент жақта бар. Біздің қазақта кезінде болған. Қазір қалып қойған. Маңғыстаудан бір кісілер маған хабарласып, "не болды сізге?" деп ұрысты. Айтып түсіндірдім. Видеода бар ғой. Ол жерде үлкен апамыз, келіннің әжесі отыр. Мен қатты ыңғайсыздандым. Бірақ үлкен апалар тұрған соң олай тұрғаным жарамас деп, орындай салдым. Ол тарап кетеді деп ойламаппын. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойламаймын. Әр жердің өзінің салты бар. Қай жақтан келін аласың, сол жаққа көнесің", - деді әнші.
Әнші көпшіліктен бұл үшін кешірім сұрады.
"Ұят ештеңе көріп тұрған жоқпын. Артық кетсем кешірім сұраймын. Үлкен кісілердің көзінше қатайып тұру да ұят болатын еді", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы