Желі қолданушылары әкесінің аяқ киімін сүрткен Сәкен Майғазиевтің ұлын қызу талқыға салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлының аяқ киімін сүртіп жатқаны бейнеленген видеоны танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрлардан әншінің ұлына бата беріп жатқан дауысын естуге болады.
"Әумин" деп қойыңыздаршы", - деп жазған әнші видео астына.
Бұған Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі ашуланса, енді бірі әншінің ұлының ісіне тәнті болған.
"Өзің неге сүрпейсің? Ұят нәрсе екен, қол-аяғыңыз бар ғой, сізді мұндай адам деп ойламаппын", "Ең рахат жұмыс, сауабы мол. Марқұм әкемнің аяқ киімін жылтыратып қоятын едім", "Сәкеннің өзі анасын әлпештеп жүреді. Баланың көрген тәрбиесі. Еш сөкеттігі жоқ", "Алдында осы ағамның өзі анасының гәлөшін сүртіп отқанын көріп едік, енді міне, ұлы аяқ киімін сүртіп жатыр, қандай керемет көрініс, сондықтан өзімізді тәрбиелейік, бала бізге қарап өседі", "Атақ не істетпейді", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алкоголизмді қай жерде емдейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!