- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұят болмасын". 22...
"Ұят болмасын". 22 жастағы Қарақат Әбілдинаға желідегі жұрт сүйсінді
Танымал қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде 22 жастағы видеосын жариялап, "Ұят болмасын" бағдарламасын еске түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Хабардың" Алтын қоры. 22 жастағы Қарақат Әбілдинаның "Ұят болмасын" бағдарламасында орындаған "Қызым, саған айтамын" термесі. "Ұят болмасын" бағдарламасынан үзінді. Әдемі естелік үшін рақмет", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында архивтегі видеоны жариялап.
Әншінің 22 жасынан бергі тыңдармандары әлі де болсын әншінің өнерін бақылап жүрген көрінеді. "Қарақат айналайын осы балғын шағыңнан көз алдымызда өсіп бала келін, ана келін, дана келін болып қазір бір қолыңмен бесікті, бір қолыңмен әлемді тербеткен әйгілі, ардақты, аяулы анасы болып саналады ұрпақ тәрбиелеп, адал жар болған бағың ұзағынан болсын!" деп жылы лебізін білдіріп жатқандар да аз емес.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева