- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұят болады деп...
"Ұят болады деп некеге тұруға мәжбүр". Шымкентте кейінгі екі жылда қыз алып қашу бойынша 25 дерек тіркелген
Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов қалада жыл сайын қыз алып қашу дерегі тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кейінгі екі жылда қыз алып қашу белгілері бар 25 дерек тіркеліпті (2023 жылғы деректер тіркелмеген - еск.). Алайда бұл деректер бойынша қылмыстық істер қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатылыпты. Көп жағдайда қыздардың "күйеу жігіттің" үйіне өз еркімен келгені туралы арыз негізінде тоқтаған.
"Қыздар сәтсіз некеден кейін отбасы үшін ұят болады деп қорқып, некеге тұруға мәжбүр. Бұл ретте күйеу жігіт мұндай қадам үшін жаза ауыр екенін, ал "игі іс" деп оларға көмектесетіндер оған қауіп төндіретін жауапкершілік барын түсінбейді", - делінген хабарламада.
Қыз алып қашуға байланысты әрекеттер мән-жайларға байланысты адам ұрлау (Қылмыстық кодекстің 125-бабы, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған) немесе бас бостандығынан заңсыз айыру (Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көздеген) ретінде саралануы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Таразда досымен бірге қыз алып қашқан жігіт сотталғаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Онкология тұқым қуалай ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова