Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Сотта айыпталушы өз нұсқасын айтты. Руслан Берденовтің өкілі Жеңіс Тыныбек осы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Руслан Берденовпен осы күдіктер бойынша жеке сөйлескенін айтты.
"Ол бұл әйелді білмейтінін айтты. Ойлап қараңыз: төрт баланың әкесі біреудің жұбайына қалай бірдеңе жазады? Берденовті жеке білгендіктен, (айыпталуышының - еск) мұндай мәлімдемесіне таңғалдым", - деді Тыныбек.
Жәбірленушінің өкілінің айтуынша, Жиембайдың іс-әрекеті керісінше қылмысқа жоспарлы дайындық болғанын көрсетеді. Ол бұған дейін айыпталушының өзі қызғанышқа негізделген себеп туралы айтқанын, бірақ оның кейінгі айғақтары белгіленген дәлелдерге қайшы келетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, міндетті түрде келуі қажет екеніне қарамастан, Руслан Берденов сотқа келген жоқ. Сот отырысы кезінде оның өкілі жәбірленуші емделіп жатқанын мәлімдеді. Сот мемлекеттік тілде ашық режимде өтіп жатыр.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!