"Ұят-ай". Желіде Ирина Кайратовна тобының концертіндегі бишілердің әрекеті наразылық тудырды

Әлеуметтік желіде "Ирина Кайратовна" музыкалық тобының Алматыдағы концерті қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары концерт кезінде қазақтың ұлттық бас киімі - сәукелеге құрметсіздік көрсетілді деп наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қойылым ортасында ұлттық киім киген бишілер сәукелелерін шешіп, жерге лақтырып, билеуді жалғастырады. Оқырмандар ұлттық бас киімге мұндай қарым-қатынас жасауға болмайтынын жазып, топтың кешірім сұрауын талап етіп отыр.

Желі қолданушылары сахнадағы бишілердің бұл әрекетіне түрлі пікір қалдырды. 

"Олар кешірім сұрап жатқан видеоны күтіңіздер", "Осылар айғай-шусыз жүре алмайтын сияқты", "Олар сәукелені лақтырған жоқ, жәй ғана бір шетке қойды ғой", "Хиджабпен шықмадыңдар ма тағы", "Ұят-ай", - деп жазды желі қолданушылары.

@user57080883631575

♬ оригинальный звук - NAMISSIZ?EL

Наразылықтарға қойылым режиссері жауап берді. Ол оқырмандарды өнерге түсіністікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін осы топтың мобилографы сахнада тұрып, қайтыс болған еді. Кейін оның неден көз жұмғаны белгілі болды. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!