- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұят әрі масқара"....
"Ұят әрі масқара". Абай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шара 2-қабатта өткен
Қарағанды облысындағы Абай ауданында Мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында концерт өтті. Кеш көпшілікке ұнағанымен, оның екінші қабаттағы залда өткені біраз қиындық тудырған. Желіде видео тарады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеме жасап.
Видео авторы мәдениет үйі Мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында концерт өткізгенін, ол екінші қабатта ұйымдастырылғанын айтады. Оның айтуынша, қонақтардың көпшілігі арбадағы мүмкіндігі шектеулі жандар. Ол арбада отырған адамның баспалдақтан түсе алмай тұрғанын көрсетіп, "бұған қатысқаның бәрі және әкімдік үшін ұят әрі масқара" екенін айтады.
"Бүгін - Қазақстанда Мүмкіндігі шектеулі жандар күні. Соған қарасы Абайда осы санаттағы тұрғындарға жергілікті мәдениет орталығында концерт ұйымдастырылды. Көпшіліктің айтуынша, концерт көрермендерге ұнаған. Бірақ адамдар екінші қабаттағы залда концерт өткізуді кім ойлағанын білмей аң-таң?" - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиғаға қатысты Абай ауданының әкімдігі пікір білдірген. Олар қолайсыздық үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай жағдай болмайтынына сендірді.
"Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған шарада мәдениет ошағында келеңсіз жағдай болып, көрермендердің біріне қолайсыздық тудырды. Бұл үшін шын жүректен кешірім сұраймыз, ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдайды. Осы жағдайға байланысты нақтылай кетсек, бұл күні мәдениет орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, белсенді тұрғындар сыйлықтар және ақшалай сертификаттармен марапатталды", - делінген әкімдік пікірінде.
Абай ауданының әкімдігі мәліметінше, екінші қабатқа өз бетімен көтеріле алмаған адамдарға көмек ұйымдастырылған.
"Сондай-ақ, мәдениет үйі ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу жұмыстары жүргізілгенін, алайда 1960 жылдары салынған ғимаратта 2-қабатқа пандус орнатуға техникалық мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз", - деп пікір білдірді Абай ауданы әкімдігі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан