- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұялы телефон үшін...
Ұялы телефон үшін қанды қылмыс болды: оқушы 21 жастағы жігітті пышақтап өлтірген
Ташкентте ұялы телефон үшін қанды қылмыс болды. 11-сынып оқушысы 21 жастағы ер адамды пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, алғашында Желіде мектеп оқушысы қаза тапты деген ақпарат тараған. Қайғылы оқиғаға себеп - ұялы телефон болған. Артынша қаза тапқан адам 21-де, ал оны пышақтаған 11-сынып оқушысы екені анықталған.
Қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Ол кезде 11-сынып оқушысы мен оның танысы 21 жастағы марқұм болған. Екеуі ұялы телефон үшін сөзге келісе алмай қалған. Танысы оқушының телефонын тартып алмақ болған, екеуі бір-бірін балағаттап, артынша пышақ ала жүгірген. Төбелес кезінде оқушы 21 жастағы жігіттің арқасына пышақ сұғып алған. Ер адам оқиға орнында мерт болған.
Басылым мәліметінше, 11-сынып оқушысы былтыр 24-ші колониядан аудандық соттың шешімімен келген.
"Ол тәрбие колониясында болғандықтан мектептің ішкі есебінде болған. Қызметкерлер үнемі профилактикалық әңгімелер жүргізетін. Сабаққа да келіп жүретін", - дейді білім басқармасының өкілдері.
Күдікті оқу жылы кезінде сыныптастарымен жанжалдаспаған. Білім басқармасының мәліметінше, күдікті оқушыда оң өзгерістер байқалған, мысалы емтиханды жақсы тапсырып шыққан.
Бүгінде оқушы қамауда, бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина