Жылыту маусымы басталған кезде үйлер мен ғимараттардың ішіндегі ауа құрғақ бола түседі. Медицина ғылымдарының кандидаты, терапевт Андрей Кондрахин құрғақ ауа несімен қауіпті екенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.
Ол батареялар неғұрлым қатты қызса, ылғалдылық соғұрлым төмен болатынын атап өтті.
"Құрғақ ауа терінің, шырышты қабаттардың және шаштың құрғауына әкеледі. Ауыр тыныс ала бастауыңыз мүмкін, өйткені біз құрғақ ауаны өкпемізбен ылғалдандыру үшін көп энергия жұмсаймыз", - дейді Андрей Кондрахин.
Маманның айтуынша, мұрын шырышты қабатының құрғақ болуы ағзаны инфекцияларға әлсіз етеді. Тағы бір жағымсыз нәрсе - шаңның көбеюі.
"Температура жоғары, ылғалдылық төмен, ал едендегі барлық шаң жоғары көтеріледі, біз сонымен дем аламыз. Шаң шырышты қабыққа түседі, қыртыстар пайда болады, бұл тыныс алуды қиындатады", - деді сарапшы.
Маман терезелерді сағатына кемінде бір рет 5-7 минутқа ашуға кеңес берді, ал тері, шаш және шырышты қабаттар құрғап кетпеуі үшін ауаны ылғалдандыру маңызды.
Бұл мақсатта кез келген ылғалдандырғыш келе береді. Мысалы, батареяның жанына суы бар ыдыс қойып қойыңыз. Су шашатын ыдыспен үйдің ішіне су шашыңыз. Дүкенде сатып алынған арнайы ылғалдандырғышты да қолдануға болады.
Дәрігер ауа ылғалдылығының 40%-дан жоғары болуы қолайлы болып саналатынын айтты.
Сонымен қатар күніне бір рет шаң сүртіп тұру маңызды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!