- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үй шашылып жатуы,...
Үй шашылып жатуы, артық заттар қауіпті болып шықты: маман кеңесі
Фото:
Midjourney/Tengrinews
Үйдегі ретсіздік психикаға зиянын тигізуі мүмкін, тіпті адамды семіртуге де қабілетті. Артық заттан құтылу үшін оны алдымен сұрыптап алу керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru басылымына сілтеме жасап.
Үй - адам өзін тыныш әрі жайлы сезінуі керек орын. Егер барлық жерде ескі заттар үйіліп жатса, іздеген затыңызды таппасаңыз, бірден іске кіріскен жөн.
Ескі әрі пайдасыз нәрселерден оңай құтылу үшін мына ережелерді орындауға болады:
- Әр нәрсенің өз орны болуы керек.
- Заттарды аяғаннан сақтамаңыз.
- Ескісін жаңасымен ауыстырыңыз.
- Артық зат сатып алмаңыз.
- Үнемі ретке келтіріп тұрыңыз.
Психолог Фейт Коулманның айтуынша, үйдегі ретсіздік денсаулыққа да әсер етеді:
- есте сақтау қабілетін нашарлатады;
- тамақтану әдеттерін бұзады;
- шешім қабылдауға кедергі келтіреді;
- шығармашылықты тежейді, өнімділікті төмендетеді және энергияны азайтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова