Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) нысаналы жинақ төлемін пайдалану қағидалары өзгерді. Тиісті бұйрыққа өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қағидалар "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде жинақталған қаражатты пайдалану тәртібін реттейді. Құжатта қазақстандықтар осы жинақты пайдалана алатын мақсаттар көрсетілген. Соның ішінде:
Тұрғын үйді немесе жер учаскесін қолма-қол ақшамен, яғни ипотекасыз сатып алу;
Тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық қарыз алуға бастапқы жарнаны құю, ипотеканың берешегін ішінара немесе толық өтеу;
Ипотекалық несие алу мақсатында жинаққа жарнаны толықтыру;
Ипотека бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
Ислам банкінің қаржыландыруы негізінде тұрғын үй сатып алу, қарызды ішінара, толық өтеу;
Әлеуметтік бағдарламалар арқылы жалдамалы түрде берілген үйді берілген жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату;
Жеке тұрғын үйдің құрылысына ақша алуға болады.
Зейнетақы қорынан жинақты пайдалануға арналған өтінімді қарау шарттары
Құжатқа сәйкес уәкілетті оператор төлемге өтініш пен құжаттарды қарап, мақұлдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға тіркелген төлемге өтініш туралы электрон хабарлама жібереді.
БЖЗҚ оператордан электрон хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде доллармен банктік шотқа аудару үшін оған төлемге арналған өтініште көрсетілген нысаналы жинақтарды төлеу сомасын аударады.
Нысаналы жинақтарды алушы немесе оның заңды өкілі нысаналы жинақтарды төлеу сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде операторға қаражатты пайдалану мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады.
Жаңа ережелер 11 наурыдан бастап күшіне енеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз