Үй салу құны шарықтады: құрылыс материалдары қанша тұрады?

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде тұрғын үй салу құны қымбаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл қаңтар–мамыр аралығында құрылыс құны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайыз өскен. Ал сәуір айымен салыстырғанда баға 2,7 пайыз қымбаттаған.

Өңірлердегі баға өсімі

Былтырғы кезеңімен (қаңтар-мамыр) салыстырғанда, құрылыс жұмыстары мына аймақтарда айтарлықтай қымбаттаған:

  • Павлодар облысында — 8 пайыз;
  • Шымкентте — 7,3 пайыз;
  • Астанада — 6,7 пайыз;
  • Алматыда — 6,3 пайыз.

Бұл сегменттегі бағаларды бір айлық мерзіммен салыстырсақ, барлық өңірде өсім байқалады. Бағаның өсуін ескергенде, нысан салу ең қымбатқа түсетін өңірлер:

  • Астана — өсім 3,3 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысы — өсім 3 пайыз;
  • Шымкент және Абай облысы — өсім 2,9 пайыз;
  • Алматы облысы — 2,7 пайыз;
  • Алматыда бұл көрсеткіш 2,6 пайыз артты.

Материалдар мен құрылыс жұмыстары қаншалық қымбаттады?

Құрылыс шығындарын жеке қарастыратын болсақ, 2025/2026 жылдардың қаңтар-мамыр айларында құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) бәрінен бұрын қымбаттап, 6,2 пайыз өскен. Бұл қызметтер Павлодар облысы, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында ең жоғары бағада. Сәуірмен салыстырғанда мамырда ҚМЖ құны 2,9 пайыз артты. Бұл үрдіс әсіресе Астанада, Алматы, Түркістан және Ақмола облыстарында қатты байқалады.

Құрылыс материалдарының бағасы да ел бойынша 0,5 пайыз көтерілді. Мәселен, Павлодар облысында олар 4 пайыз, Шымкент пен Астанада 2,2 пайыз өсті. Ал өткен айда қиыршық тас пен құмнан бастап, қоспалар мен бояуларға дейінгі барлық тауар түрі 3,5 пайыз қымбаттады. Баға өсімі бойынша Ақмола мен Алматы облыстары, сондай-ақ Абай облысы көш бастап тұр.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы мамырдағы кейбір құрылыс материалдарының орташа бағасын да есептеді. Мысалы:

  • Қазақстанда табиғи құмның бір текше метрін 8 385 теңгеге сатып алуға болады;
  • М 1000 маркалы қиыршық тас — 6 539 теңге;
  • В 22,5 класты М300 маркалы төсеуге дайын бетон қоспасы — тоннасына 13 542 теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!