- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үй менеджменті. Баланың...
Үй менеджменті. Баланың ынтасын қалай ашу керек?
Баланың оқуға деген махаббатын ашудың маңызы, білім алуға деген ынтасын ашу және отбасылық құндылықтар туралы сөйлесудің маңызы неде? i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында ресейлік Nutricia, Danone компаниясының сатылым жөніндегі директоры Валерия Гусарова үй менеджменті туралы айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.Жаңа шығарылымды бүгін, 10 қыркүйек сағат 20:00-де Tengri TV-дің YouTube-арнасынан көре аласыздар. Спикер "Үй менеджменті: басқарудың қарапайым құралдары" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Валерия Гусарова "Лидеры России" 2020 (233 000 қатысушының ішінде ТОП-300-ге кірген) басқару конкурсының суперфиналисі атанған. Ол СКОЛКОВО Мәскеулік басқару мектебінің МВА бағдарламасы бойынша студенті.
30 жасында Unilever-дегі ең жас директорлардың бірі болған және сату бойынша сол кездегі жалғыз әйел-директор.
Жүргізуші – журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Видео-сұхбатты Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.
Massaget