Батыс Қазақстан облысында алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында күдікті белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларға ақшалай сыйақы ұсынғаны анықталған. Ол осы адамдарға банктен есепшоттар мен карталар рәсімдеп, верификациядан өтіп, кейін сол адамның есепшотын өзіне беруді ұсынған.
Барлығы 40-қа жуық дроппер анықталған. Кейін олардың банк шоттары мен карталары азаматтардан интернет алаяқтық арқылы ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланылған.
ІІМ мәліметінше, тінту барысында күдіктіден 732 мың теңге, 14 телефон, SIM карталар, банк карталары тәркіленген.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды (соталды тергеу басталды - еск.). Сот күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді БҚО ПД өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз