- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үй" жобасы табиғатты...
"Үй" жобасы табиғатты құрметтеуге шақырады
Кеше "Алтын-Емел" ұлттық саябағында жаңа визит-орталық ашылды. "Үй" арнайы жобасының іске қосылуы осы оқиғаға орайластырылып отыр.
"Yй" - Faenomen шығармашылық агенттігімен бірлесіп құрылған "Алтынемел", "Аюсай" және "Шарын" вивит-орталығының ынтымақтыста құрылған жобасы.
"Үй" – ұлттық табиғи саябақтардағы экожүйелерінің, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануар түрлерінің мекендеу ортасының, таңғажайып гүлдер мен ағаштардың, құрып кету алдында тұрған жәндіктердің, құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің жиынтық бейнесін құрайтын термин.
"Үй" жобасының графикалық кескіндемелер сериясы Басшы ауылының кіре берісіне орналасады. Бұл жер Алтын-Емел ұлттық саябағының бас қақпасы деп аталады. Жобаның тұсаукесері 26 маусымға жоспарланған.
"Үйдің" мақсаты – туристерге табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау қажеттілігін көркем түрде жеткізу, сонымен қатар адамдарды жануарлар үйін, табиғатты құрметтеуге шақыру.
"Жоба қоғаммен байланыс орната отырып, біздің табиғатқа қаншалықты зиян келтіріп жатқанымызды еске салады. Ерекше визуалды образдар арқылы компания адамның табиғатқа назарын аударады. Осы арқылы қоғамда ой тудырып, өзіміздің табиғатқа қаншалықты зиян тигізіп жатқанымызды түсіндіреді", - дейді авторлар.
Адамдардың немқұрайлылығы мен бейқамдығы экожүйенің ластануы, жойылып кету қаупі төнген жануарлардың қырылуы және техногендік өрттер сияқты көптеген проблемаларды тудырды.
Жұртшылық ұлттық саябақтардағы туризмді тек адамдар үшін жасалған ойын-сауық орындары ретінде қабылдауға дағдыланған. Өкінішке қарай, жойылып кету қаупі төнген жануарлардың қырылуы мен өрттер туралы соңғы жаңалықтар табиғатқа біздің дұрыс емес қарым-қатынас жасап жатқанымызды дәлелдейді. Табиғатқа зиянның көбі қолдан жасалады. Соның салдарынан табиғаттың деградациясына әкеледі.
Ұсынылатын "табиғат үйі" жобасында адамдардың қолынан зиян шегіп жатқан экожүйе көрсетіледі. 3 ұлттық саябақта қазақ және орыс тілдерінде 9 плакат дайындалған.
"Біз кезекті визит-орталықты ашып жатырмыз. Сол жерде "Үй" жобасын жұртшылыққа таныстырамыз. Аталмыш жобаның графикалық кескіндеме сериясы Басшы ауылының кіре берістері мен Шарын келушілер орталығында орналасқан. Экожүйенің дамуы үшін біз жобаны сол жерде жүзеге асырамыз. Жобаның басты мақсаты көркем әдіс арқылы адамдардың жойылып бара жатқан табиғатқа деген назарын аударту. Біз бұл жобаны паралелді түрде Шарында да жүзеге асырып жатырмыз. Кейіннен Аюсайда да болады", - дейді авторлар.
"Үй" жобасы туралы қосымша ақпарат әлеуметтік медиа платформаларында көрсетіледі. Жобаның бас серіктесі – Kaspi.kz.
Т. Раушанұлы