Шымкентте жантүршігерлік кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкентте адам өлтіру, өлген адамның мәйітін қорлау, ұрлық бойынша айыпталған жаcөспірім А.-ға қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.
Сот мәліметінше, кәмелет жасына толмаған А. 2025 жылы 21 шілдеде Telegram желісінде үй тазалап беретін қыз-келіншектер қажет екені туралы жарнама жариялаған. Жәбірленуші осы жарнама бойынша хабарласып, сол күні үйді тазалап, келіскен еңбекақысын сұраған.
"Алайда А. ақша төлемеу мақсатында жәбірленушіні өлтіріп, оның ұялы телефонын ұрлаған. Кәмелетке толмаған сотталушының кінәсі өзінің, жәбірленушілердің, куәлердің жауаптарымен, сараптама тұжырымдарымен, заттай дәлелдермен дәлелденді", - деп жазылған сот мәліметінде.
Сот А.-ны ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі, ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз