- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үй жинап жүріп...
Үй жинап жүріп тапқан: мүмкіндігі шектеулі жан киік мүйізін сатамын деп жаза арқалады
Ақтөбе тұрғыны қайтыс болған қайын енесінің Шалқардағы үйін тазалап жүріп, киік мүйіздерін тапқан. Ол мүйіздерді үйге әкеліп, шкафта жасырыпты. Ал үш жылдан кейін мүйіздер 35 мың теңгеге сатылатыны туралы хабарландыру жариялаған. Көп ұзамай оған полиция қызметкерлері хабарласып, жойылып кету қаупі төніп тұрған жануардың мүйізін заңсыз сатпақ болғаны үшін қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Келтірілген шығын 5 миллион 175 мың теңге болған. Сотталушы киік мүйізін заңсыз сатуға тырысқанын мойындады. Оның сөзінше, бұл қадамға материалдық қиындықтар түрткі болған. Ол - екінші топтағы мүгедек, екі бала тәрбиелеп отыр. Ол талап-арызды мойындамады, өйткені оның 5 миллион теңгеден аса соманы төлеуге мүмкіндігі жоқ.
Сот оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеді. Осы мерзім ішінде оған ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады, ал жұмыстан кейін үйде болуы керек. Сот ер адамды мемлекетке 5 миллион 175 мың теңге төлеуге міндеттеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова