Үй жағдайында беттегі қара дақтан қалай құтылуға болады?

Үй жағдайында беттегі қара дақтан қалай құтылуға болады?
Фото: Depositphotos.com

Бетіңіздің терісі майлы екенінің алғашқы белгісі - қара дақтар, яғни комедондар. Ол тері тесігін эпидермистің өлі жасушалары, май, шаң, косметиканың қалдықтары секілді ластаушы зат бітеп тастағандықтан пайда болады. Беттегі қара дақтарды үй жағдайында қалай кетіруге болады? Қандай күтім жасау керек?

Тазарту

Бірінші кезекте теріні күнделікті тазалап тұру қажет, бұл тері тесігін бітеп тастауы мүмкін артық себум, шаң, косметика қалдықтарын және өлі тері жасушаларын кетіруге мүмкіндік береді. Бетіңіздің жағдайы одан әрі нашарламауы үшін теріңізге жағатын өнімді пайдалану маңызды.

Терінің қабыршақтануы

Теріні әр түрлі скраб, қышқыл негізіндегі роликті және ферментативті пилингтер секілді күтім құралдарымен қосымша тазарту қажет, бұл өлі тері жасушаларын кетіруге және тері тесігін ашуға көмектеседі.

Ескерту! Барлық тері тазартқышты нұсқауға сәйкес қолдану керек, скрабты сирек қолданған абзал, өйткені ол теріні қатты жарақаттап, құрғақ әрі тітіркенгіш етіп жіберуі мүмкін.

Бетке арналған бу ванналары

Тері тесігін ашып, кір қалдығын, сондай-ақ, эпидермистің өлі жасушаларын кетірудің тағы бір әдісі - бу ванналары. Ол үшін ыстық сүлгі немесе краннан жылы су пайдалуға болады. Процедура үшін арнайы құрылғыны сатып алуға да болады.

Бетке арналған маска

Саз, көмір немесе жеміс қышқылдары негізінде жасалған кейбір маскалар терідегі қара дақты азайтуға көмектесуі мүмкін. 

Ылғалдандыру

Тері үнемі ылғалдандыруды қажет етеді. Ылғалдың жетіспеушілігі тері майының көбеюіне әкелуі мүмкін, бұл тері күйін нашарлатып, жаңа қара дақтың пайда болуына әкеледі.

Қара нүктелердің пайда болуының қалай алдын алуға болады?

Егер бет теріңіз таза болып, қара дақтың пайда болуының алдын алғыңыз келсе, мына қарапайым ережелерді ұстаныңыз:

Теріні таңертең және кешке күніне екі рет тазалаңыз. Бетіңізден кір, шаң, өлі эпидермис жасушаларының қабаттарын алып тастау керек.

Күтім косметикасын тері түріне қарай таңдаңыз. Егер бет теріңіз құрғақ болса, майлы немесе аралас теріге арналған маска, лосьондарды алмаңыз.

Бетіңізді жылы сумен жуыңыз, ол себум өндірісін жақсартады.

Өлі тері жасушаларына қышқыл қосылған құралдарды қолданып тұрыңыз. Ол үшін скраб, гоммаж және қышқылы бар өнімдер көмектеседі.

Халықтық емдеу әдістерінен аулақ болыңыз. Олар безеу ғана емес, аллергиялық әсер де тудыруы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін күнге күйген теріні қалпына келтіру үшін не істеу керегі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Мүгедек балаларға қандай көмек көрсетіледі?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә