- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үй иесіне шабуыл...
Үй иесіне шабуыл жасаған: Талдықорғанда үй тонаған күдікті ұсталды
Талдықорғанда полицейлер үй тонаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарақшы үйдің кіреберісіне терезеден кіріп, үй иесіне шабуыл жасаған.
"Жедел тергеу арқылы 37 жастағы ер адам ұсталды. Осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысында басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады", - дейді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.
Жетісу облысының полицейлері мұндай жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындарды шара қолдануға шақырады. Мүмкіндігінше тұрғын үйлердің терезелеріне темір торлар орнатып, есіктерді мықты құлыптармен құлыптап, үйлерді күзет дабылымен жабдықтаған жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова