Кейде пәтерді жалға беруші мен алушының арасында келіспеушіліктер болып жатады. Егер жалға беруші пәтер бағасын күрт көтерсе немесе үйден шығаруды шешсе, сіз құқығыңызды қорғай аласыз. Мұны Massaget.kz тілшісі заң бойынша анықтап көрді.
Мүлікті жалға алушының міндеті мен құқықтары
ҚР Азаматтық кодексінің 545-бабы бойынша, жалға алушы пәтерді босатпас бұрын бір ай алдын мүлік иесіне ескертуге міндетті.
Сонымен қатар көшпес бұрын тұрғын барлық қарызды өтеп, коммуналдық қызметтерді төлеп, мүлік тізімдемесі бойынша техника мен жиһазды тексеруі керек. Жалдау шарты тоқтатылғаннан кейін жалға алушы пәтерді шартта белгіленген жағдайда қайтаруға міндетті. Егер шарт аяқталғаннан кейін мүліктің жай-күйі талаптарға сәйкес келмесе, жалға алушы келтірілген залалды өтейді.
Мүлік иесі сізге тосыннан хабарласып, ертең пәтерді босатуды сұраса, оның бұл іс-әрекеті заңға қайшы болып есептеледі. Себебі келісімшарт бойынша жалдау мерзімі аяқталса, жалға беруші бұл туралы жалға алушыға жазбаша ескерту жасауы керек.
Ал шарт мерзімсіз жасалса, үй иесі үйден шығару туралы үш ай бұрын ескертуі керек.
"Пәтер иесі депозитті қайтармай отыр"
Кейінгі кезде пәтерді депозит төлемей жалға алу мүмкін болмай барады. Депозит - бұл сақтандыру сомасы. Жалға алушы мүліктің ықтимал залалын өтеу үшін меншік иесіне депозит береді. Шарт мерзімі аяталғаннан кейін, бәрі орнында болса, бұл сома оған қайтарылуға тиіс. Депозитті қайтармау туралы талаптар шартта нақты жазылуы керек.
Егер меншік иесі депозитті қайтарудан бас тартса, оны тек сот арқылы өндіріп алуға болады. Депозитті қайтару бойынша талап қою үшін тұрғын үй иесінің тіркелген жері бойынша сотқа жүгіну қажет. Өтінішке депозитті төлегені туралы түбіртек қоса тіркеледі.
"Пәтерді босатуымды талап етіп, қуып жатыр"
Келісімшарттың мерзімі аяқталғанына қарамастан, тұрғындар пәтерден шықпаса, жалға беруші көшіру туралы талап-арызбен сотқа жүгіне алады.
Жалға беруші жалға алушыларды сотқа бере алады:
Алайда жалдау шартын бұзбас бұрын, пәтер иесі жалға алушыға қателерді түзетуге мүмкіндік беруі керек.
"Мүлік иесі пәтерді сату туралы шешім қабылдап, ал маған ескерткен жоқ"
Егер жалдау мерзімі аяқталмаса, жалға алушы көшпеуге құқылы.
Тұрғын үйді жалға беру - ауыртпалықтың бір түрі. Егер пәтер иесі оны сату туралы шешім қабылдаса, ол ауыртпалықпен бірге сатылады. Жалға берілген пәтер сатылғанымен, жалға берушінің ауысуы шарттың күшін жоймайды. Жалдау шарты пәтердің бұрынғы иесімен жасалса, келісімшарттың күші оның мерзімі аяқталғанға дейін жаңа иемен жарамды.
Айта кетейік, бұған дейін жалдамалы үйде тұратын адамдар ерте қартаятыны туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұшақта туған бала өмір бойы тегін ұша ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!