“Үй алуға көмектесемін“. Ақтөбе тұрғыны азаматтарды алдап, 20 миллион теңгені қалтаға басқан

Ақтөбе облысының тұрғыны үй алуға көмектесемін деген желеумен азаматтарды алдап, 20 миллион теңгені қалтаға басқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті жеңілдетілген несиелеу бойынша пәтер сатып алу саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Медициналық мекеменің қызметкері тұрғындарға жеңілдетілген несиелеу бойынша жалдамалы пәтер алуға көмек ұсынған. Кейін бұл пәтерді жекешелендіріп беруге уәде берген. Қазіргі уақытта 30-дан астам жәбірленуші анықталды, залалдың жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асады.

"Егер аталған күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, олар арыз беру үшін №2 қалалық полиция бөліміне жүгіне алады. Алаяқтық схемалардың алдын алу және зардаптарын жою үшін мұндай жағдайлар туралы уақытылы хабарлау аса маңызды", - дейді полиция қызметкерлері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!