- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұтыс ойнату жиіледі"....
"Ұтыс ойнату жиіледі". Министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады
Туризм және спорт министрлігі қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде лотерея ойнату заңға қайшы екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру дерегі жиілеген. Министрлікке алданған адамдардан шағымдар көбейген.
Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, интернетте тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
"Тексеріс барысында Instagram-дағы жеке парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдаған. Бұдан бөлек, 35 дерекке қатысты хаттама дайындауда.
"Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заңға сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады. Осыған байланысты қазақстандықтарға заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен