“Үтікпен күйдірді“. Қостанайда тәрбиеші жасөспірімді азаптады деген күдікке ілінді

“Үтікпен күйдірді“. Қостанайда тәрбиеші жасөспірімді азаптады деген күдікке ілінді
Фото: Midjourney

Қостанай полицейлері даму ерекшеліктері бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығында жасөспірімге қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік ақпарат тарады: интернат тәрбиешісі жасөспірімді үтікпен күйдіргені айтылды. Өңірдің Полиция департаменті бұл дерекке қатысты ҚК 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы "Қинау" бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Соталды тергеу шеңберінде қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы анықталады", - деді Tengrinews.kz-ке берген жауабында Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, орталықтың бұл іске қатысы бар қызметкерлеріне жұмыстан босатуға дейін тәртіптік шаралар қолданылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget