- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Утильалым алып тастала...
Утильалым алып тастала ма? Петицияның алдын ала шешімі шықты
Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда утильалымды алып тастау туралы петицияға қатысты алдын ала шешім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тиісті ведомство өкілдері петиция авторларының уәждерін шындыққа жанаспайды деп шешкен.
"Өтініш авторының айтқаны шындыққа сәйкес келмейтінін, сондай-ақ қоғамдық талқылау кезінде басқа уәж келтірілмегенін ескере отырып, утильалымды алып тастаудан бас тарту ұсынылды", - деді Индустрия және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев.
Петиция бастамашысы Санжар Боқаев Қазақстан баспасөз клубында сағат 15.00-ге белгіленген баспасөз мәслихаты болғандықтан, қоғамдық талқылауға қатысқан жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек