Үстірт қорығында сирек кездесетін итаю фотоқақпанға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері А.Пулатов Қазақстанның шектеулі аумағында ғана кездесетін сирек жыртқыш - итаюды (Mellivora capensis) фотоға түсірді.
Итаю Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте терең шатқалдарды, карстық қуыстарды, сайлар мен өсімдіктері әртүрлі учаскелерді, соның ішінде сексеуіл, баялыш және қараған өскен жерлерді мекендейді. Бұл жануар негізінен ымырт пен түнде белсенді, бірақ қыста күндіз де аңғарылуы мүмкін. Итаю жылына бір рет көбейеді, ал суық күндерде қысқа мерзімді ұйқыға кетеді.
Қорық қызметкерлерінің жұмысы арқасында итаю сияқты сирек кездесетін жануарлар туралы жаңа деректер анықталып жатыр. Бұл Үстірт қорығының биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі маңыздылығын көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!