- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үстіңізге аялдама құлады,...
Үстіңізге аялдама құлады, зардап шектіңіз - шығынды кім өтейді?
Астана әкімдігі өкілдері желден боп құлаған аялдамалардың шығынын кім төлейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, аялдама павильонының құлауынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесі азаматтық-құқықтық қатынас аясында реттеліп, сот арқылы шешіледі.
"Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараты және елордадағы Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мемлекеттік мекемелердің балансындағы нысандарды, яғни аялдама павильондары бұзылған жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізеді", - деп жауап берді Астана әкімдігі.
Еске сала кетсек, өткен жылы желтоқсанда Астанада аялдама құлап, екі адам зардап шеккен еді. Азаматтар бірден қалалық көпбейінді №1 ауруханаға жеткізілді.
Жасұлан Ордабаев
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz