Құрылыс жұмысы кезінде салмағы 300 келіге жуық жақтау құлап, ауыр жарақат алған ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Науқас көптеген сынық және травматикалық шок алған. Жағдайы өте ауыр болды.
Дәрігерлер оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, жамбас пен қабырға сүйектерінің бірнеше сынуы диагнозын қойды. Ауыр жарақаттар ұзақ мерзімді қысу синдромымен және 2-3 дәрежелі шокпен бірге жүрді.
Травматолог Дәулет Чукманов пен оның командасы науқасқа шұғыл ота жасады. Егер араласу уақытында жасалмаса, бұл науқас үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді.
"Біз жамбас сүйектерінің орналасуын қалпына келтірдік және оларды арнайы бұрандамен бекіттік. Ота 1,5 сағатқа созылды және сәтті өтті. Қазір науқас тұрақты күйде, өзін қанағаттанарлық сезінеді. Жақын арада оны ауруханадан шығаруды жоспарлап отырмыз", - дейді Дәулет Чукманов.
Науқас дәрігерлерге өмірін құтқарғаны үшін алғысын білдірді.
"Маған үміт сыйлаған барлық травматолог пен анестезиологтарға рақмет. Сіздердің арқаңызда мен осындамын және бұл туралы айтып бере аламын. Бұл ауруханада жедел шаралар қабылдаған және маған күрделі ота жасаған нағыз мамандар жұмыс істейді", - деді ол.
Дәрігерлердің жылдам және кәсіби араласуы адамның өмірін сақтап қалуға және ауыр жарақаттан кейін науқастың қалпына келуін қамтамасыз етуге көмектесті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз