Талдықорғандағы дәмханада шыққан төбелеске қатысқан тағы бес адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талдықорған полициясы дәмханада шыққан оқиғаға қатысты тағы 5 адамды ұстады, олар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынды.
"Барлығы 8 адам ұсталып, қамауға алынды. Тергеу барысында олардың әрқайсының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді облыс полициясының басшысы Арман Саданов.
Айта кетейік, 29-30 желтоқсан аралығында болған Талдықорғандағы төбелесті тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрларда жастардың бір-бірін қалай ұрғаны, үстелдердің үстінен секіргені, ыдыс-аяқ және басқа да заттарды лақтырғаны көрсетілген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз