Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады.
Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, отандық команда жетінші орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр.
Айта кетейік, бұл турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!