Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог білім беру саласында еңбек етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда қанша мұғалім бар?
Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, бұл - мектептерді, мектепке дейінгі және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарын қамтитын ауқымды кәсіби қауым.
Еліміздің мектептерінде 420 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда 104 мыңнан аса маман, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 42 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында әйел мамандардың үлесі басым.
Олардың еңбек өтілі қанша жыл?
Педагогтер арасында көпжылдық тәжірибесі бар мамандардың үлесі де жоғары. Мектептерде 53 мыңнан аса педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады. Тағы 73 мыңнан аса педагог білім беру саласында 20 жылдан 30 жылға дейін еңбек етіп келеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 5 мыңнан аса, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 4 мыңнан аса педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан жоғары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова