- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұстап, суретке түседі"....
"Ұстап, суретке түседі". Kalifarniya-ның әйелі күйеуін қаншалықты қызғанады?
Фото:
instagram.com/kalifarniya
Әнші Kalifarniya-ның әйелі, хореограф Anelyin күйеуін қызғанбайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы НТК телеарнасындағы Revue news бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Елдің алдында жүрген азамат, қызғаныш болатын шығар бәрібір?", - деп сұрады бағдарлама журналисі.
"Өзім де өнер жолында болғандықтан, Фархадты жақсы түсінемін. Өйткені біз бірге жұмыс істедік, бәріміз бірге бастадық. Әншілерге қандай іс-қимылдар жасайтынын білемін, көрермендер келіп, ұстап, суретке түсуі мүмкін деген сияқты нәрселерді жақсы түсінемін. Сондықтан ондай жағдайға байланысты бізде келіспей қалатын дүние болмайды", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан