- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үсті қан". Жартылай...
"Үсті қан". Жартылай жалаңаш жүрген әнші Алтынбек Тәшімбетов қамауға алынуы мүмкін
Жартылай жалаңаш жүрген әнші Алтынбек Тәшімбетов қамауға алынуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Михаил Козачков телеграм арнасында әншінің жартылай жалаңаш тұрған суретін жариялады.
Оқиға дүйсенбі, 19 тамызда болған. Дене жарақаттарын алған жартылай жалаңаш жүрген әншіні жедел жердем ауруханаға жеткізген. Тәшімбетов аурухананың қабылдау бөлмесінде шу шығарып, ресепшн терезесін қиратып, кезекші медбикені қорлаған.
Фото: t.me/kozachkow
Бұл дерекке қатысты Алматының Полиция департаменті пікір білдірді.
Қазір әншіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 80-1 бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс материалдары жиналған. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина