Үсік, жел, +30 градусқа дейін ыстық: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнге - 17, 18 және 19 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана

17 мамырда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус, күндіз 26-28 градус жылы.

18-19 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 25-27 градус жылы.

Алматы

17 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

18 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 27-29 градус жылы.

19 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!