FlyArystan әуе компаниясы Шымкенттегі қалың тұманға байланысты барлық рейс кешігетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан, атап айтқанда қалың тұман мен жеткілікті көріністің жоқтығынан Шымкенттен/ке орындалатын барлық рейс кешігуі мүмкін. Болжам бойынша нақты ау райы Шымкент әуежайында ұшып-қонуға мүмкіндік бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген ұшу уақыты кейінге шегерілуі мүмкін", - делінген компания таратқан хабарламада.
Әуекомпания Шымкент әуежайы аймағындағы ауа райы болжамын үздіксіз бақылап отыр.
"Біз рейстің жолаушыларына: Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға салқын алкогольсіз сусындар ұсынамыз. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде - ыстық тамақ ұсынамыз. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгінуді сұраймыз. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!