Оңтүстік Кореяда Asiana Airlines әуекомпаниясының есігін жолаушы ашып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Airbus 321 Оңтүстік Кореяның оңтүстік жағалауында орналасқан Чеджу аралынан Тэгуға ұшқан. Asiana Airlines мәліметтері бойынша бортта 200 адам болған.
Таңғаларлық оқиғаны жолаушылардың бірі телефонына түсіріп алған. Кадрларда қорыққан жолаушыларды көруге болады.
Тэгу өртсөндіру бөлімі мәліметінше, 12 адам жеңіл жарақат алған, тоғыз жолаушы тынысы тарылып, ауруханаға жатқызылған.
Басылым мәліметінше, есікті шығар жерде отырған жолаушылардың бірі ашты деп болжанып отыр. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.
Жолаушылар арасында бастауыш және орта мектептің 48 спортшысы болған.
"Балалар дірілдеп, жылады. Есік маңында отырғандар қатты шайқалған болуы керек", - деді спортшылардың бірінің анасы.
Болған жағдайға қарамастан, ұшақ жерге сәтті қонған. Ал кейін күдіктіні жергілікті билік тұтқындаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!