"Ұшында жанып тұрғаны не?" ПТР-сынамалар туралы фейк тарады

"Ұшында жанып тұрғаны не?" ПТР-сынамалар туралы фейк тарады

Қазнет қолданушылары таратқан видеода ультракүлгін сәуле астына ПТР-тестке арналған таяқша-тампон қойылған. Таяқшаның ұшы көгілдір түсте жарқырайды. Сондықтан пайдаланушылар оған белгісіз қауіпті химикаттар сіңірілген және оны қолдану денсаулыққа қауіпті деп ойлайды. Бұл олай емес. Stopfake.kz таяқшаның ұшы неге жарқырайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тараған видеода өндіруші туралы ақпарат ұсынылған таяқша-тампонның қаптамасы көрсетілген. Бұл қытайлық Jiangsu Changfeng Medical Industry Co.Ltd. компаниясы. Оның сайтында таяқша-тампондардан тұратын талдаулар жүргізуге арналған барлық жиынтық туралы ақпарат жарияланған. Оның ішінде флок пен арнайы көбіктен жасалған таяқшалар да бар. Олардың құрамында қауіпті химикаттар жоқ, делінген портал мәліметінде.

Түсі ақ болғандықтан олар ультракүлгін сәуледе жарқырайды. Таза ақ түс арнайы ағарту арқылы алынады. Осы мақсаттар үшін қолданылатын құралдардың көбінің құрамында люминофор деп аталатын заттар болады. Соның нәтижесінде заттар жарықта аппақ болады, ал ультракүлгін сәуледе көгілдір түсте жарқырайды. Дәл осындай заттар тіс пастасында, қағазды ағартуға арналған химикаттарда және т.б болады.

"Осы себептен ультракүлгін сәулемен тісіңізді, ақ жаймаларды, ақ қағазды және басқа да ақ түсті заттарға қарасаңыз, олар жарқырайды.

Бұл барлық заттарға қауіпті химикаттар сіңірілген немесе денсаулыққа қауіпті дегеннің белгісі емес", - делінген хабарламада.

StopFake мәліметінше, таратылған видео пайдаланушыларды шатастырады. Стик ультракүлгін сәуледе белгілі бір қауіпті химикаттардың әсерінен емес, ақ түсті болғандықтан жарқырайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!