Үштөбе маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Үштөбе маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Қаратал ауданындағы Үштөбе маңында Mitsubishi Galant және ВАЗ-2106 көліктері бетпе-бет соқтығысып, 7 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

Зардап шеккендердің арасында үш бала бар.

Басылым мәліметінше, 39 жастағы ВАЗ-2106 жүргізушісі "Талдықорған-Үштөбе" тасжолының 32-шақырымында тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жапон көлігмен бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиға орнында Қаратал аудандық полициясының қызметкерлері жұмысты жалғастырып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова