- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үштік". Министр Ақшолақов...
"Үштік". Министр Ақшолақов өз жұмысына баға берді
Фото:
© almaty.tv
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отставкаға кетуіне байланысты өз жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының кулуарында журналистер министрден Үкіметтің жаңа құрамына кіру мүмкіндігі туралы сұрады.
"Білмеймін. Шынымды айтсам, мемлекеттік қызмет қиын жұмыс. Отбасымды да көрмеймін", - деді министр.
Ақшолақов өз жұмысына баға берді.
"Бес балдық жүйе бойынша, екілік болмауы үшін, үштік дәл келуі мүмкін. Өзіңді асыра бағалауға және төмендетуге болмайды", - деді энергетика министрі.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет отставкаға кеткені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова