Жазушы Шерхан Мұртазаның мектеп бітіргендегі аттестаты жарияланды. Сурет "Хабар" телеарнасының Instagram-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Аттестатындағы бағаларға көз жүгіртіп қарасаңыз, қаламгердің оқу үлгерімі өте жақсы болғанын байқауға болады. Тек орыс әдебиетінен алған білімі "4"-ке , геометрия пәнінен алған білімі "3"-ке бағаланыпты. Жазушы 1947-1950 жылдары бұрынғы Жамбыл қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін тәмамдаған.
Құжатты қаламгердің атындағы Руханият және тарихтану орталығы бөлісті", - делінген Желідегі жазбада.