Жедел штабтың соңғы мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы өрттің үштен бірі ауыздықталды. Алайда аймақтағы жағдай әлі де бақылауда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Күршім ауданында "Марқакөл орман шаруашылығы" РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенді. Өрттің алдын ала аумағы 1 800 гектар, жақын жерде орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өртсөндірушілерінің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 278-ден астам адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды.
Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, ауа райы жағдайларымен күрделенген, сондықтан суағар құрылғылары бар 3 тікұшақ тартылған. Елді мекенге қауіп жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Ал Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде 1400 гектар алдын ала алаңда сөндіруді жалғастырып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге барлығы 350-ден аса адам мен 33 техника жұмылдырылды.
Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 12 шақырым, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында бұта, құрғақ шөп өртенеді, алдын ала ауданы 1900 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жоюға 350 адам және 27 бірлік техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция жұмылдырылды. МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары тартылды.
Құйған ауылдық округі аумағында шөп пен бұталар өртенді, өртті сөндіру жетуі қиын жерлерде болғандықтан қиындық тудыруда, алдын ала алаңы 200 гектар. Орман аймағында өрттің таралуы 17,5 гектар алаңда тоқтатылды, өрт тек дала аймағында ғана жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жоюға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, полицияның 70-тен астам адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!