Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің жаңалығына реакция білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол "Бір, екі және үшке санал" деп жазып, өзінің сторисінде қызының кейінгі reels-видеосын бөлісті.
Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөліскен еді.
"1+1=5 болады... Құттықтауларыңызға рахмет! Соңында ештеңені жасырмай, эмоцияларым мен ойларыммен қайта бөлісе аламын", - деп жазған Айсәуле Бақытбек жақында өмірге үшінші сәбиін әкелетінін айтып, арнайы фотосессиядан контент жариялады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!