- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үшеуміз ғана тұрамыз"....
"Үшеуміз ғана тұрамыз". Заңғар Нұртастың екінші әйелі ата-енеден бөлек шығу туралы ойын айтты
Танымал әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртастың әйелі Индира Мәуленова ата-енеден бөлек шығу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Индира Мәуленова күйеуі Заңғар Нұртастың әлеуметтік желідегі оқырмандары қойған сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, үйінде тек үш адам болғандықтан, оған бірге тұрған жайлырақ.
"Ата-енемізден бөлек шығатын ойымыз да, жоспарымыз да жоқ. Біз Алматыда енем үшеуміз ғана тұрамыз. Сондықтан маған жайлы, үйде Заңғар жоқ кезде ішім пыспайды, бірге әңгіме айтамыз", - деп жауап берді ол.
Еске салайық, былтыр ақпанда Заңғар Нұртас бірінші әйелі Жібек Қайратқызымен ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын.
"Бес ай өтті, араласпаймыз. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы, бірақ сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.
Ол, сонымен қатар, өзінің жаңа қарым-қатынастарға ашық екенін және болашақ жарының бойында болуы керек қасиеттерді айтқан болатын.
Ал 6 қазанда Заңғар Нұртас жаңа сүйіктісіне үйленуге ұсынысты ерекше жасады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Аллергиясы бар адамдар оразаны қалай ұстайды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә