Ақтауда баланы құрдастарының аяусыз соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды. Маңғыстау облысының полиция департаменті видеодағы балаларды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан балалардың аулада серуендеп жүргенін көруге болады. Бір кезде олардың бірі екіншісіне жүгіріп келіп, оның бетінен ұрады. Ол құлап қалады да, осы сәтте тағы екеуі оған шабуыл жасап, тепкілей бастайды. Шабуыл жасаушылардың бірі құлаған баланың басына секіріп, бетінен тебеді.
Маңғыстау облысының полиция департаменті видеоны зерделеп, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Жедел-іздестіру іс - шаралары барысында кәмелетке толмағандардың кім екені анықталды. Кінәлілер, сондай-ақ олардың ата-аналары жауапқа тартылады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!